Аса ірі көлемдегі ұрлық жасағаны үшін 38 жастағы қазақстандық халықаралық іздеуде болған, деп жазады Polisia.kz.
2018 жылдың қазан айында күдікті Алматының бір банкінен ақша аудару арқылы 55 млн теңгені ұрлады. Содан кейін елден қашып кетті.
Қазақстан ІІМ Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша қашқан адам Швецияда ұсталды. Қазір айыпталушы шетелде қамауда отыр.
ПІКІР ЖАЗУ