ШҚО-ның бірнеше ауданында жер сілкінісі сезілді

Фото: istockphoto.com

15 ақпан күні таңғы сағат 6:52-де Астана уақыты бойынша жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Қазақстан ТЖМ мәліметінше, оның эпицентрі Ресей аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 1225 шақырым жерде орналасқан.

Есептік деректерге сәйкес, 3 балдық жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысының келесі елді мекендерінде тіркелді:

  • Катонқарағай – 3 балл
  • Марқакөл – 3 балл
  • Үлкен Нарын – 3 балл
  • Алтай (Зырян) – 3 балл
  • Боран – 3 балл
  • Зайсан – 3 балл
  • Күршім – 3 балл
  • Самар – 3 балл

Риддерде дүмпулер 2 баллға дейін жетті.