Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) әлеуметтік желідегі тосын жазбасымен жанкүйерлерін таңқалдырды, деп хабарлайды ozgeris.info.
«ММА-де жекпе-жек өткізсем қалай қарайсыздар?» — деп жазды Жанқош Тұраров Instagram-дағы ресми парақшасында.
Ал осы сұраққа қатысты бірқатар жанкүйер өз ойларын ортаға салып, пікір жазып кетті.
«Бозкілемде біраз жұмыс істеу керек»; «Боксты жалғастыра бер»; «Мен саған сенемін, әрқашан тек алға»; «Қызық болатын еді»; «Қолдаймыз, шоу керек»; «Бокста алар асуың көп қой», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 33 жастағы Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, жапониялық боксшы Акихиро Кондоны төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, IBO титулын сәтті қорғаған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ