Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Назым оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Назым Қуандық Бишімбаев жемқорлық үшін істі болып, 10 жылға сотталған кезінде оның кінәсіз екенін айтып, қолдау білдірген.
Иә, бұл — сұмдық жағдай. Маған жағдайды айтып, хабарласып жатқанда, не болып жатқанын мүлде түсінбедім… Шок болдым», — деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Tengrinews.kz тілшісіне.
Назым Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл бойы ресми некеде болған. Олар 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққанына бір жыл өткеннен кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.
Біз 2020 жылғы 5 қазаннан бастап ресми түрде ажырасқанбыз, бірге тұрмаймыз. Біз сирек араласатынбыз, онда да тек балалар мәселесі бойынша. Балаларға көмектесіп, араластын, бірақ кейінгі кезде сиреп кетті. Бұл — қайғылы жағдай, Салтанаттың отбасына көңіл айтамын, — деді Қуандықтың бұрынғы әйелі Назым.
ПІКІР ЖАЗУ