Шетелдік инвесторлар Қазақстанның мемлекеттік қағаздарына 1,1 трлн теңге құйды
Қазақстанның мемлекеттік қағаздарына шетелдік инвестиция көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов International Conference KASE аясында мәлімдеді.
«Соңғы жыл ішінде шетелдік инвестиция көлемі екі еседен астам өсіп, 1,1 трлн теңгеге жетті. 2022 жылдың сәуірінде Қазақстанның мемлекеттік облигациялары FTSE Frontier Emerging Markets Government Bond Index құрамына ресми түрде енгізілді. Бұл еліміздің жаһандық қаржы нарығындағы позициясын нығайтты», – деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ