Танымал спорттық басылым — MMA Junkie қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың тұңғыш жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Айта кетсек, кеше Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 253 турнирінде анголалық Манел Капе (21-7) қазақстандық файтер Асу Алмабаевты (21-3) жеңіп кетті.
«Манел Капе төреші Майк Бельтранның көзді шұқып алу тәсілін елеусіз қалдырғаннан кейін Асу Алмабаевты нокаутқа жіберді», деп Sports.kz MMA Junkie басылымының жазғанын келтіреді.
Салдарынан Алмабаев UFC-дегі алғашқы жеңілісіне тап болды, бұған дейін ол 4-0 промоушнында «таза» рекордқа ие болып келген.
Капеге келетін болсақ, анголалық файтер лигадағы алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, статистикасын 6-3-ке дейін жақсартты.
Айта кетсек, жекпе-жек алдында Капе UFC рейтингінде ең жеңіл салмақта алтыншы, ал Алмабаев сегізінші орында тұрған.
ПІКІР ЖАЗУ