Шетелде жұмыс істегісі келетіндер үшін енді арнайы оқу орталықтары ашылады

Бектенов
Фото: gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтардың құқығы сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабаралайды Ozgeris.info.

Үкіметте қазақстандықтардың шетелдегі еңбек қатынастарын заңдастыру және олардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды Қазір үкіметаралық келісімдер жасалуда.

«Шетелдерде азаматтарымызды жұмысқа орналастыратын жеке агенттіктердің қызметін бір жүйеге келтіру қажет. Қазақстандықтар келісімшарт бойынша жұмыс істеп, кепілдік алуы тиіс. Еңбек министрлігі осы бағытта кешенді шаралар қабылдасын», – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, шетелде жұмыс істегісі келетіндер үшін Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында кәсіптік және тілдік даярлау орталықтары ашылмақ. Кейінірек басқа өңірлерде бұл қолға алынуы мүмкін екені айтылды.