«Шерзаттың ағасында мылтық болды»: сотта жаңа деректер айтылды

adyrna.kz

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кезекті сот отырысы басталды. Бүгін, 28 сәуір күні, куәгерлер жауап беруді жалғастыруда, деп хабарлайды ozgeris.info.

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сотта куәгер Эльмира Нұрбекова жауап беруді жалғастыруда.

Еске салсақ, сол қайғылы түні оқ атылған дыбыстар естілген болатын. Оларды нақты кім шығарғаны белгісіз. Нұрбекованың айтуынша, Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың қолында қару болған.

Айта кетейік, Нұрғанат Ғайыпбаев 2024 жылдың желтоқсанында қайтыс болды. Тергеу оның өзіне қол салғанын анықтаған.