Бүгін басталған сот отырысы айыпталушылар қорғаушысының 40 минутқа кешігуіне байланысты кеш басталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Orda порталына сілтеп. Судья Ержан Жанұзақов адвокатқа ресми ескерту жасап, сотқа қатысушылардан тергеу аяқталғанға дейін БАҚ өкілдеріне пікір бермеуді сұрады.
Айта кетейік, айыпталушылар орындығында тоғыз адам отыр. Белгілі болғандай, олардың кейбірі бұрын да түрлі қылмыстар үшін сотталған – қызметке салғырт қарау, ұрлық және басқа баптар бойынша.
Сотта басты айыпталушы Абзал Шынасыл өз кінәсін толық көлемде мойындамайтынын мәлімдеді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру