Шерзат Болаттың әпкесі елде қалатын болды

Фото: видеодан скрин

Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова Қазақстанда қалатын болды. Бұл жаңалықты блогер, қоғам белсендісі Жан Ахмадиев желі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Блогердің жазуынша, бірнеше құзырлы органға өтініш хат түсірілген.

Сүйінші, Қазағым! Алла қаласа, Бақыт елде қалады! Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Парламент депуттары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Балалар Құқықтары жөніндегі уәкілі, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы арқылы түсірген өтініш хаттарымыз облыс прокуратурасымен назарға алынды. Бақыт Реймоваға қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберумен байланысты емес жаза қолдану үшін Жоғарғы сотқа кассациялық наразылық келтіру туралы Бас прокуратураға ұсыныс жолданды. Енді прокуратураның наразылығын Жоғары сот шегелеуі ғана қалды. Баршаңыздың қолдауларыңызға рақмет!, — деп жазды Жан Ахмадиев.

Еске салсақ, бұған дейін Бақыт Реимова «митингке шығуға үндеді» деп елден депортацияланатыны туралы айтылған болатын.

Бұған дейін кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасына меценат үй салып беретіні туралы жазған едік.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жан Ахмадиев (@zhan_ahmadiev)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит