Шерзат ауруханада көз жұмды: прокурор сараптама қорытындысын жария етті

Сурет: Ашық дереккөздерден

Шымкентте өтіп жатқан атышулы сот процесінде прокурор Дана Сәрсенбай сот-медициналық сараптама қорытындысын оқып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Оның айтуынша, оқиға болған түні Нұрымов өз баласы Шерзат пен інісі Гаипбаевты ауруханаға өзі жеткізген. Дегенмен дәрігерлердің көмегіне қарамастан, Шерзатты аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, Шерзаттың өлімі 2024 жылдың 4 қазанында, сағат 01:30 шамасында Талғар аудандық орталық ауруханасында тіркелген. Қайғылы жағдайға кеуде қуысының сол жағына тиген өткір заттан туындаған тесіп-кесілген жарақат себеп болған. Бұл жарақат өкпенің жоғарғы бөлігін зақымдап, ішкі қан кету мен гемоторакске әкеп соққан – яғни, кеуде қуысына 1500 мл-ге дейін қан жиналған.