Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (18-0) пен жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) арасындағы кездесу болмайтын болды, деп жазады ozgeris.info.
Бұл ақпаратты Vesti.kz басылымына спортшының өкілі растады. Осылайша, 310-турнирдің басты жекпе-жегі деп күтілген чемпиондық кездесу өтпейтін болды. Дегенмен UFC басшылығы бұл жайында ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Еске салсақ, кездесу 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған еді. Рахмонов былтырғы желтоқсан айында америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Ал Мухаммад осы жылдың шілде айында Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде британиялық Леон Эдвардсты төрешілер шешімімен жеңіп, UFC чемпионы атанған.
ПІКІР ЖАЗУ