«Шатырына Аяз ата жасап, ауласына шырша шығарған»: Жаңа жылға ерекше дайындалған тұрғын жұртты тәнті етті

Фото: сюжеттен скрин

Павлодарда тұрғындардың үйлерін ерекше безендіріп көпшілікті сүйсіндірді. Биыл тіпті қала жұртшылығының кейбірі үй шатырына Аяз ата шығарып, қақпасына шыша салған. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі “Ктк” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Надежда Мессер 5 жылдан бері бері қала тұрғындарына жаңа жылдық көңіл күй сыйлап, үйін ерекше безендіріп қояды. Ол безендіруге он күн бұрын дайындалады екен. Ауласы мен үйінің ішін де ұмытпайды.

Ерекшелігі де сол ол жыл сайын жаңа атрибуттар қосып жаңашаландыруға тырысады. Биыл ол үй шатырына Аяз ата шығарып, қақпасына шырша салған.

“Бұл ой маған күтпеген жерден келді. Алдымен ауламды аздап сәндеп қойдым. Содан соң тағы бір әшекей қостым. Бес жылда осындай дәрежеге жеткіздім. Келер жылы бұдан да ерекше жасау ойымда бар. Басында осыны өзім үшін істеп едім, сөйтсем, қала тұрғындары да күтеді екен. Әрі-бері өткен адамдар: «Биыл үйіңізді безендірмейсіз бе?» деп сұрайды. Оларға да ұнайтын болып тұр ғой”, – деді Надежда Мессер.