Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматы облысында үш жасар егіздердің зорлау фактісіне қатысты тергеуге қатысты пікір білдірді.
Игорь Лепеханың айтуынша, Ішкі істер министрлігінің полицияға егіздердің зорлануына қатысты сұрақтары бар.
«Мен бұл жағдайдан хабардармын, білемін. Ол жерде екі адам қамауға алынды. Қаншалықты түсініктеме беруге құқығым бар екенін білмеймін. Бүгінгі күні іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Қатысы бар адам қамауға алынды. Қыздардың әжесі де қамауға алынды», – деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, қыздар ауруханаға түсіп, медициналық мекемеде жатыр.
«Менің білуімше, жағдайы жаман емес. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің барып, өзі бақылауына алғанын білемін. Қалғандарына қатысты біздің қызметкерлерге қоятын сұрақтар әлі де бар. Қазір тексеру жүргізіп жатырмыз. Кейбір фактілер анықталды. Біз қазір оларды тексеріп жатырмыз. Әзірге бұл жайттарға түсініктеме бергім келмейді», – деді ол.
ПІКІР ЖАЗУ