Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында өзен жағасынан адам мәйіті табылды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, денесі табылған ер адамның туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін айтып хабарласқан.
«4 сәуірде Катонқарағай ауданының полиция қызметкерлеріне Берел ауылының 68 жастағы тұрғыны Бұқтырма өзенінен мал айдап өтіп бара жатқанда жоғалып кеткені жайлы хабар түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында азаматтың мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген ақпаратта.
Өзен жағасынан зейнеткер мініп келе жатқан жылқының да өлексесі табылған.
ПІКІР ЖАЗУ