ШҚО-дағы шекаралық екі ауданға заманауи спорт алаңдары салынады

Шығыс Қазақстан облысындағы шекаралық екі ауданға заманауи спорт алаңдары салынбақ.

Өңірде алғаш рет салынатын осындай спорт алаңдары Қатонқарағай мен Зайсан аудандарында бой көтереді. Бұған «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Жаңа спорт алаңдары екі ауданның 20 мыңнан астам тұрғынына спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын дамытуға мүмкіндік береді.

«Шалғай, әрі шекаралас аудандарда әрқайсысының жалпы аумағы 1,7 мың шаршы метрді құрайтын алаң пайда болады. Онда жасанды көгалмен көмкерілген аумағы 40х20 метр футбол және 24х16 метр болатын баскетбол алаңдары, толықтай қажетті құрылғылармен жабдықталған көлемі 16х16 воркаут аймағы салынады», — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Алаңның жан-жағы қоршалып, абаттандырылады. Жоспар бойынша спорт алаңдары 2024 жылдың 3 тоқсанында пайдалануға беріледі.

Фото: ШҚО әкімдігі


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом