Шығыс Қазақстан облысында тасжолда келе жатқан көлік тоғанға құлап кетіп, бір адам көз жұмды.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 93-ші шақырымында болған.
«Тасжолда келе жатқан көлік тоғанға құлап кеткен. Соның салдарынан жолаушы оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Фото: ШҚО полиция департаменті
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру