«Сырты Айфон 15 жарнамасы, ал іші…»: ШҚО-да есірткі саудалағандар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында есірткі жарнамалап жүргендер ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Polisia.kz жазуынша, күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 21 және 18 жастағы екі азаматын QR-коды бар брошюраларды жапсырып жүргенде анықтады, онда есірткі құралдарын сатып алу үшін электрондық мекенжайлар көрсетілген.

Жастар хабарландыруды мессенджер арқылы тапқанын, онда әр жапсырылған парақша үшін 300 теңге көлемінде төлем жасауға уәде етілгенін айтып берді. Күдіктілердің тағы 8 хабарландыру болған. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын насихаттау, заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері екі азаматтың осындай басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств