Халықаралық ұйымдар негізсіз құрылмайды. ҰҚШҰ-ның негізгі мақсаты — әлемге төнген қауіп-қатердің алдын алу және жою, соғыстар мен әскери қақтығыстарды оқшаулау, бір немесе бірнеше Тарапқа қатысты қарулы қақтығыстан бірлесе қорғану. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың басты мақсаты — Одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу, жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру.
Шарттарына қарасаңыз, еш мін таба алмайсыз. Тигізер пайдасының бар екеніне дауым жоқ.
Кез келген ұйымды алға сүйрейтін локомотив елдер болады. Ал аталған екі ұйымның да локомотиві, әрине — Ресей.
Ресейді әлемнен оқшаулауға бағытталған санкциялар, Ресей-Украина қақтығысы, «Минск», «Будапешт» сияқты келісімдерді бір сәтте бұза салу және т.б. ойландыра, толғандыра түседі екен.
Былтыр Түркі Мемлекеттері Ұйымының құрылғанын білеміз. ҰҚШҰ мен ЕАЭО-ға альтернатива ретінде Түркі Мемлекеттері Ұйымы арқылы да аталмыш екі бағыт бойынша келісімдерді бастай беру керек деген пікірдемін.
Қуаныш Жұмабекұлы
«Еуразия зерттеулері» мамандығы бойынша PhD докторы
ПІКІР ЖАЗУ