Үш адамды өлтіріп, көміп тастаған: Ақтөбеде 24 жыл бойы іздеуде болған ресейлік ұсталды

Ақтөбе полицейлері мойнына үш адамның қанын жүктеп, ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынып келген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады. Ол үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген.

Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған», – делінген полиция департаменің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство ұсталған адам тергеу изоляторына қамалғанын, оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств