Серік Күдебаевтың түрмедегі суреті: Сенат заңды күшейтуге дайын

Мәулен Әшімбаев қылмыстық-атқару жүйесінде біраз проблема бар екенін ашық айтты. 

Жуырда әлеуметтік желіде Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың фотосы жарияланды. Суретте ол бір топ адаммен аста-төк дастархан басында отыр.

Серік Күдебаевтың түрмедегі суретінен кейін тексеріс басталды. Түрмеге дайын азық-түлікті сотталғандардың туыстары алып келгені анықталды, тексеріс кезінде алкоголь табылмаған.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Өскемен түрмесінде жазасын өтеп жатқан Серік Күдебаевтың суретіне қатысты пікірін айтты.

Журналистер «Серік Күдебаев және өзге сотталғандар түрмеде дастархан жайып, тойда отырғандай суретке түскен. Бұл оқиға түрмеге смартфон емін-еркін кіргізіліп жатыр дегенді білдіре ме?» деген сұрақ қойды.

Мәулен Әшімбаев қылмыстық-атқару жүйесінде біраз проблема бар екенін ашық айтты.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бар және бұл комитет құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты жұмыс істеп жатыр. Аталған комитет құрамындағы депутаттар Үкімет мүшелерін шақырып, бұл мәселеге қатысты талдау жасаймыз. Қылмыстық-атқару жүйесінде проблемалардың бар екенін мойындауымыз керек, — деді ол.

Сондай-ақ Сенат спикері Ақмола облысында түрмедегі азаптау оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұған дейін 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасар ауданындағы №1 түзеу мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға күш қолданғаны туралы видео тараған еді.

«Осы оқиға бойынша тиісті тергеу жүргізіліп, жауаптылардың барлығы заң аясында жазаға тартылады. Оған еш күмән болмауға тиіс. Бұл мәселелерді ескеріп, Қылмыстық кодексті тағы қарап шығамыз. Сондықтан қажет болған жағдайда, тиісті нормаларды пысықтауға дайынбыз. Жалпы, мұндай жағдайларды болдырмау үшін құқық қорғау органдары тиісті іс-шараларды жүзеге асыруы керек», — деді Мәулен Әшімбаев.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей