«Сенің жарнамаңа сеніп үй алғандар қайтеді?»: Жұлдыз Әбдікәрімова елден сөз естіді (ФОТО)

Фото: kino-teatr.ru

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше жылға созылған баспана дауына нүкте қойды. Сүйінші хабарды танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жеткізген болатын, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Динара Сәтжан өз кезегінде Жұлдыз Әбдікәрімоваға барлық ақша қайтарылғанын әрі моральдық шығын да өтелгенін атап өткен еді.

Сонымен бірге ол Дилара Тәжімбетовамен екеуара келісімі бойынша осыған дейін жарияланған жазба мен видеолардың бәрі желіден өшірілетінін мәлімдеді.

Десе де халық Жұлдыз Әбдікәрімова бұл істе қарапайым халықтың арасында жеңіске жетті деп санайды. Олар егер қоғамға аталған іс жарияланып, халық арасында резонанс тумаса, кәсіпкердің ақшаны сол күйі қайтармай қоятынынан жарыса жазуда.