«Семіз болсаң қызыңды алмаймын»: Меруерт Түсіпбаева құдағиына шарт қойды

Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева құдағиының мінезі жаман екенін айтып, құдасына жаны ашитынын жеткізді. Сонымен қатар, құдағиына майы қалқып алынған ет асып жатқанын көрсетті, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Бұл туралы ол өзінің инстаграм желісіндегі сторис бөлімінде айтты.

«Бүгін құдамды шақырып жатырмын, бірінші құдама семга пісірейін дегем, сосын ойланып, «ойбай ертең қызын бермей қойса, не дегенмен туған құдам ғой» деп қазы салып қойдым. Бешбармақ пен салат жасаймын кешке. Негізі жай өзіміз отырып шәй ішеміз. Шынымды айтсам, құдам жақсы, құдағиым жаман», — деді әнші.

Танымал әнші әдетте супермаркетке бармайтынын, бірақ құдалары үшін баруға тура келгенін де жасырмады.

«Негізі «Магнумға» келмеуші едім, құдам қызын бермей қоя ма деп оған да келдім. Міне осындай жағдай достар. «Құда болсаң, шыда», — деді Мерует Түсіпбаева маркет аралап жүріп.

Құдасын қонақ ету процесі мұнымен аяқталмады. Меруерт Түсіпбаева тағы да әзілдеп құдағиының кемшілігін айтып қалды.

«Еттің майын алып тастап жатырмын, құдағиым семіріп кетпесін деп. Мен семіз адамдарды ұнатпаймын ғой. Семіз құдағи болсаң, мен сенің қызыңды алмаймын. Себебі қызы үнемі анасына ұқсайтын болады. Сол үшін бетіндегі майдың бүкілін бірақ жоғалттым. Бірақ, құдалар кешігіп жатыр. Құдағиымның мінезі жаман. Құдаға «не киемін?» деп ойран салып жатқан сияқты. Құдам байғұс жуас өзі», — деп құдағиын жамандап, құдасына жаны ашитынын білдірді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Меруерт Түсіпбаева 10 жастағы ұлына көлік сыйлаған Мәдина Сәдуақасованы сынға алған еді.