Семейде синтетикалық есірті саудасымен айналысқандар ұсталды

Семей қаласында синтетикалық есірті саудасымен айналысқандар ұсталып, 1500-ден астам бір реттік доза тәркіленді.

Семейлік полицейлер синтетикалық есірткіні ірі мөлшерде сатумен айналысқандардың жолын кесті. Ұсталған екі адамның үйлерін тінту кезінде салмағы 500 грамнан асатын «мефедрон» психотроптық заты тәркіледі. Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын ұялы телефондар табылды.

Осының нәтижесінде, 1500-ден астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Олардың «қара нарықтағы» құны 20 млн теңгеден асады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ер адамдар он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Фото: рolisia.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…