Семейде мұғалімнің ерсі әрекеті әлеуметтік желіде жария болды

Madeniportal.kz

Семей қаласында оқушы қыздардың момындығын пайдаланған мұғалімнің орынсыз әрекеті әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«NeMolchiKZ» зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қорының мәліметіне сүйенсек, мұғалім сабақ барысында оқушы қыздарға қол тигізіп, құлағы мен мойнын сипалаған.

Қор өкілдерінің айтуынша, қыздар ұялшақ болғандықтан жеке шекараларын қорғай алмаған. Бір оқиға бейнекамераға түсіп қалып, мектеп чатына жіберілгеннен кейін дау шыққан. Алайда мектеп директоры тек мұғалімге құжаттарын алып, жұмыстан кетуді ұсынған.

Қазір әлеуметтік желіде кейбір оқушылар мұғалімнің басқа мектепке жұмысқа орналасқанын жазып жатыр.