Семейде көпқабатты үйде құлаған лифтіде болған адамдар көз жұмды — фейк

Семей қаласында көпқабатты үйде құлаған лифтіде болған адамдардың көз жұмғаны жайлы жалған ақпарат тарап жатыр. 

Әуезов даңғылы, 3 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдегі екінші кіреберісте шахтаға құлаған лифтіде барлығы 6 адам болған. Қазіргі уақытта олар қаладағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

— Көпқабатты үйде лифт құлау салдарынан адамдардың жарақаттануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Лифтідегі адамдардың көз жұмғанына қатысты WhatsApp чаттарында таратылатын ақпарат шындыққа жанаспайды. Осы ретте, халыққа жалған ақпарат таратқандардың жауапқа тартылатынын ескертеміз және оларды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз, — деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Фото: Абай облыстық ПД


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!