Сатыбалды иелік еткен үш ірі компания «Самұрық-Қазынаның» меншігіне берілмек 

Фото: kursiv.media

Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған компаниялар «Самұрық Қазынаның» меншігіне өтпек деп жазады Курсив.

Әшкере арнасы «Мархит», «Топаз-НС» және «Ақмолит» деп аталатын үш бірдей фирма бұған дейін Сатыбалдының активі саналған деп жазды. Тоқаев билігі компанияларды 2022 жылы мемлекетке кері қайтарған болатын. 

Белгілі болғандай, бұлар Сатыбалдының алып бизнес империясының бір пұшпағы болған. Қайрат компанияларды «Транспорттық сервис» деп алатын орталық арқылы басқарған. Орталықты Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген Bridge Capital Investments Limited (офшор) арқылы қадағалап келген. 

Қайраттың үстінен іс қозғалған тұста Bridge Capital үш компаниядағы үлесін өз еркімен Қаржыминге өткізген еді. 

Сатыбалды билікпен келісімге келіп, жалпы құны 700 млрд теңгенің активтерін өткізіп берген, сөйтіп абақтыдан аман қалған. Қазір ол пробациялық бақылауда жүр. 

Үш фирма де негізінен тау-кен өнәркәсібімен (сирек кездесетін метал іздеумен айналысады) айнылысады. Үкімет «Самұрық Қазынаға» беру арқылы бұлардың жұмысын тоқтатпауды көздеп отыр. Қор мен Қаржымин көп ұзамай ортақ мәмілеге келуі тиіс.