Әскери қызметшінің қаза болғаны Қазақстан Құрлық әскерлерінде расталды.
Қайғылы оқиға жауынгерлік даярлық бойынша далалық оқу-жаттығу сабақтары барысында орын алған.
«Қатардағы жауынгер К. қаруды қолдану ережелерін бұзу нәтижесінде өмірмен сыйыспайтын атыс жарақатын алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталады. Тергеу шаралары жүргізілуде», — делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ