Сарапшылар: «Елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейі 32%-ға өскен»

Фото: syr-media.kz/

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама нәтижелерін таныстырды.

Нұр-Сұлтан қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығы таныстырылды. Жаңа орталықты құрудың мақсаты – 2023-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белсенді жәрдемдесу.

«Агенттік құрылып жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу орталығына үлкен үміт артады, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде талдамалық жұмысқа, сондай-ақ тұтастай алғанда норма шығармашылық қызметке жаңа пәрменді серпін береді деп есептейді»,–деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.

«Орталық өз алдына елімізде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ғылыми негізділігін нығайту үшін барлық ғылыми-зерттеу әлеуетін жұмылдыру бойынша міндет қояды. Орталықтың қызметі бірнеше бағыт бойынша белсенді дамитын болады: жобалық кеңсе, аналитика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және сараптама», – деп атап өтті КАЗГЮУ провосты Сергей Пен.

Сондай-ақ, ғылыми сараптама және талдау институты мемлекеттік органдар, өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлық индексінің нәтижелерін ұсынды.

Бұл туралы Ғылыми сараптама және талдау институтының директоры, з.ғ.д., профессор, ҚР құрметті заңгері Марат Қоғамов айтып берді:

«2022 жылдың бірінші тоқсанында сарапшылар 1822 жобаны зерттеді, өткен кезеңмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық деңгейі 32%-ға өсті».

Нормативті құқықтық актілержобаларының сапасы төмен 5 мемлекеттік органның тобына Индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, ауыл шаруашылығы министрліктері және бірқатар әлеуметтік бағыттағы министрліктер кірді.

 

«ozgeris.info».