«Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Ақорда сайтында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. Кейін «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, «Стандарт ОйлБейс» және «Стандарт ОйлТрейдинг» ЖШС-лерінің директоры, «СтандартГаз» ЖШС директорының орынбасары, «ХаррикейнОйлПродактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры, «ҚызылордаМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ ол 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған. 2013 жылы Қызылорда қаласының әкімі болды.
2021 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.
Қызылорда облысының жаңа әкімі — Бердібек Сапарбаевтың інісі.
«ozgeris.info».
ПІКІР ЖАЗУ