Таяу екі жылда Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы кедендік баждар уақытша рубльмен есептелетін болады. ЕАЭО туралы шартқа тиісті түзетулер ҚР Сенатында мақұлданды.
Депутаттар бұл шешімді мәжбүрлі деп атады, себебі қазір Ресейге қатысты санкцияларға байланысты доллармен есеп айырысу мүмкін емес.
Сенатор Серік Шайдаровтың айтуынша, хаттама кедендік әкелу баждарын есептеу мен бөлудің уақытша тетігін қарастырады:
«Бұл тетік негізгі тетікке қосымша ретінде Ресей федерациясы мен Беларусь Республикасының орталық банктерінің қарсы міндеттемелері бойынша ресей рублімен аударымдары үшін әзірленген».
ПІКІР ЖАЗУ