Самат Әбіш Қазақстаннан шыққан жоқ — Бас прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша пікір білдірді.

Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Бас прокуратура өкілінен С. Әбіштің ісі бойынша сұрады.

Аталған іс сотқа жолданғанын еске салған Ә. Шындалиев: «бұл іс құпия тәртіпте тергелді. Сондықтан басқа мәліметтерді жариялай алмаймын», — деді.

Сонымен қатар ол С.Әбіштің Қазақстан аумағынан шықпағанын айтты.

«Тергеу кезінде одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды», — деді Әсет Шындалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды.

Осы қылмыстық іс аясында Самат Әбіш ауыр салдарға әкеп соқтырған билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей