Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованы өлтіру туралы іс бойынша сот шешіміне апелляция берді.
«Сот кабинетінің» дерекқорындағы мәліметтерге сәйкес, Нүкенованың өлтірілгені туралы іс бойынша апелляциялық шағым 27 мамырда келіп түскен. Қуандық Бишімбаевтың мүддесін қорғайтын қорғаушы Лейла Рамазан Informburo.kz тілшісімен әңгімелесіп, шағымды олардың қорғаушысы бермегенін айтты.
Өз кезегінде адвокат Ғазиз Ынтықбаев шағымды оның клиенті Бақытжан Байжанов бергенін редакцияға растады.
13 мамырда сот Бақытжан Байжановты аса ауыр қылмысты алдын ала уәде етпей жасырғаны үшін кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Судья Айжан Күлбаева сотталғандардың үкімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап 15 тәулік ішінде үкімге шағымдануға құқылы екенін нақтылады.
ПІКІР ЖАЗУ