Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды.
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той салтанатын ұйымдастырған жастар ілікті.
Онда жас жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны бейнеленген.
Оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жасар тұрғыннан түсініктеме алынып, оның қолындағы сигналдық зат болып шықты. Жас жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.
Сонымен қатар жол ережесін бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал Hyunday Santa Fe көлігіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара көрілді. Оған қоса Mercedes Benz жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілігі қаралды.
ПІКІР ЖАЗУ