Танымал әнші Мақпал Жүнісова Ақтөбедегі гастролдік сапарында Димаш Құдайбергеннің нағашы әжесімен кездесті. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі жеке парақшасында әнші Светлана Айтбаеваға алғыс айтты.
“Кеше маған Светаның анасы сахнада тұрғанда сақина тақты. Орамал жапты. Алла разы болсын! Көп рақмет! Анаң ғасыр жасасын! Дәл осындай түйреуішім (брошь) бар еді. Екеуі бірін-бірі тапты. Түйреуішпен бірге енді тағып жүремін”, – деді әнші.
Одан кейін халық әртісі Үрімшіден келген тыңдарманының сыйлығын да көрсетіп, алғыс айтты.
“Қажымұраттың концертінде күтпеген сыйлық алдым. Үрімшіден келген қазақ сіңлілерім маған сәнді қобдиша сыйлады. Көп рақмет! Ішінде бетке жағатын бояуларына дейін бар екен. Бақытты болыңдар! Елге көшіп келіңдер”, – деді халық әртісі.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру