«Сабыр сақтадым»: Хабиб Нурмагомедов ұшақта шын мәнінде не болғанын айтты

Фото: prosports.kz

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов 13 қаңтарда Frontier Airlines әуе компаниясының бортсерігімен болған келеңсіз жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Бұған дейін спортшыны АҚШ-та ұшақтан түсіріп кеткені туралы жазған едік. Кейін ол осы жағдайға қатысты Instagram желісіндегі ресми парақшасында жауап берді. Хабиб бортсерікті дөрекі болды деп жазды. Оның айтуынша, бортсерік оны ұшудан міндетті түрде шеттетуге пейіл танытып, принципті түрде әрекет еткен, деп жазады nur.kz.

«Ол кісі басынан-ақ өте дөрекі болды. Мен ағылшын тілін жақсы түсініп, дұрыс сөйлесетініме қарамастан, ол мені орнымнан тұрғызып жіберуге барынша тырысты. Мұндай әрекетінің себебі неліктен болғанын нақты айта алмаймын. Мүмкін, нәсілшілдік, ұлттық немесе басқа бір нәрсе болуы да мүмкін. Қысқа әңгімеден кейін ол қауіпсіздік қызметін шақырып, мені ұшақтан шығарып жіберді. 1,5 сағаттан кейін басқа ұшаққа отырып, межелі жеріме ұшып кеттім. Мен сабыр сақтап, арандатуға берілмеу үшін барымды салдым. Менің ойымша, адамдар мейірімдірек болуға тырысуы керек», — деп жазды Хабиб Нурмагомедов.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов қазір 36 жаста. Ол аралас жекпе-жек спортына 2008 жылы кәсіби деңгейде қадам басып, 2020 жылы спорттық мансабын аяқтаған болатын. Оның есебінде 29 жеңіс бар және кәсіби мансабында бірде бір рет жеңілмеген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)