«Сабина жүрегімді жаралады». Қуат Хамитов қашан үйленетінін айтты

Фото: әлеуметтік желі

36 жастағы аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов болашақ жарына қоятын талаптарын бөлісті. Спортшының айтуынша, оның жүрегін әлі ешкім жаулай қоймаған, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Жұлдыз Өмірғалидің отбасын құру туралы сауалына сүр бойдақ спортшы төмендегідей жауап берді.

«Жүрегім бос, оның үстіне карьера қуып жүрген жайым бар. Осыдан екі-үш жыл бұрын ата-анама үлкен үй салып бердім. Ендігі арманым – сол шаңыраққа жарымды алып бару. Артымнан өсіп келе жатқан бауырым бар. Бәріміз сол үйде тату-тәтті өмір сүрсек деймін», — деді ол.

Спортшы үшін махаббат маңызды болып шықты.

«Болашақ жарым мені жақсы көрсе, мен оны жақсы көрсем болды ғой. Негізі жақсы көрген адам ата-анамды да сыйлайды. Бастысы, қарапайым, ақылды, қазақы тәрбие көрген қыз жолықса екен», — деп түйіндеді Хамитов.

Желі қолданушылары спортшының бұл сөзіне түрлі пікір қалдырды.

«Сабинаның ажырасқанын күтіп жүрсің бе?», «Сабина жүрегімді жаралап кетті, деп айта ма десем», «Бақытыңды тап, бауырым», «Ақшаң бар, неге үйленбейсің?», — деді олар.