Қазгидромет сәуір айына консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Сәуірде күннің ұзақтығы артып, одан әрі жылудың жиналуы жүзеге асады. Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа тәуліктік температурасының 0° арқылы оң мәндерге тұрақты ауысуы байқалады. Сәуір айында аумақтың көп бөлігінде қар жамылғысы бұзылады.
Сәуір айының басында көктем Қазақстанның солтүстік аймақтарында да өз күшіне енеді: айтарлықтай жылы болады және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің батысында циклонның әсерімен Қара теңіз аудандарынан екпінді желмен жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап циклон шығыс бағытта қозғала отырып, республиканың қалған аумағында да ауа райының құбылмалылығына алып келеді. Жауын — шашын (жаңбыр, қар) — көбінесе солтүстік өңірлерде, оңтүстік өңірлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ және желдің екпіні 15-20, жекелеген күндері 23-28 м/с дейін күшейеді.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында ауа температурасы жоғарылайды:
— республиканың батысында түнде +1+9°С-тан +3+12°С-қа, күндіз +7+15°С-тан +15+22°С-қа дейін;
— солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнде -5+3°С-тан 0,+7°С-қа дейін, күндіз +2+10°С-тан +5+13°С-қа дейін;
— орталығында түнде 0,-5°С-тан +2+7°С-қа дейін, күндіз +6+11°С-тан +13+18°С-қа дейін.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің ортасында антициклонның әсерімен еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының аздап қысқа мерзімді төмендеуі күтілуде. Ауа температурасы түнде -5+3°С-қа, күндіз +3+10°С-қа дейін төмендейді.
Алайда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде бірінші онкүндік ішінде түнгі ауа температурасының түнде +8+13°С-қа дейін жоғарылауы, ал күндізгі ауа температурасының +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін ауытқуы күтілуде»,– делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ