«Рыжий Алмаз әкем ғой». Ақын Ақберен Елгезек ел білмейтін сырын айтты

malim.kz

Ақын Ақберен Елгезек жеке өмірі туралы сыр шертіп, бұрын еш жерде айтпаған құпиясын айтып берді, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Ақберен Елгезек 90-шы жылдары қылмыс әлеміндегі танымал болған Рыжий Алмазбен бір мекенде дүниеге келген. Ақынның айтуынша, бұрын аягөздік жастар «Рыжий Алмаздың» ұлы болғысы келіп армандаған.

«Бір түлен түртіп, Рыжий Алмаз менің әкем деп айтқан сәт болған. Бір азаматтар мені шақырып алып, Рыжий Алмазды танисың ба деді. Мен танимын, әкем ғой деген сөз аузымнан шығып кетті. Әлі күнге дейін неге олай айтқанымды білмеймін. Сосын олар бір-біріне қарап, айттық қой ұқсайды деп деді. Маған автокөлік, үй беремін деді. Бірақ мен бас тарттым, сұрауы бар ғой, оны анықтайды. Содан кейін ол кісі Аягөздікі болғаннан кейін балалары есебінде, сондай романтикамен өстік қой деп айттым. Сосын болды бауырым, кете бер деді», — дейді ол Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ақын депутат болуға ұсыныс түскенін, бірақ одан бас тартқанын да жасырмады.

«Ерлан Қарин жаңа Парламент жасақталайын деп жатыр. Сол жерде біздің Жаңа Қазақстанға керекті заңдарды қабылдау керек. Жапония сияқты елдерде Парламентте төбелес болып жатады ғой, бізде де сондай болу керек. Соған сен сияқты мықты жігіттер жаңа заңды қабылдау керек» деді. Мен« Ереке, мен әдебиеттің адамымын. Денсаулық сақтау, экономикаға қатысты заңдар келсе, мен не істеймін? Жазушылар одағында жүре берейін, Парламентке дайын емеспін дедім», — дейді ол.

Сары Алмаз деген лақапатпен танымал тұлғаның шын есімі – Несіпбай Нәсенов. Ол 1961 жылы Семейде дүниеге келген.

Ашық дереккөз мәліметінше, бір кездері Сары Алмаздың (шын есімі — Несіпбай Нәсенов) қоластындағылар саны 400-ге жеткен. Олар:

  • Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы алкоголь мен тұтыну тауарларын;
  • «Қорғас» және «Бақты» кеден бекеттерін;
  • астық, құрылыс бизнестерін;
  • Ақтау теңіз портын;
  • Алматы, Ақтөбе, Тараз, Ақтау қалаларындағы ойын-сауық мекемелерін;
  • Алматыдағы және облыстағы киім базарларын бақылауға алған.

Ол екі жылдай шетелде жасырынып жүрді. 1998 жылы Испаниядағы виллада өлі табылды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...