Алматы тұрғыны қала әкімімен кездесу барысынада тау бөктерінде жүріп жатқан құрылысқа шағымданып, бұл аймақтарда тексеру жүргізуді ұсынды.
Медеу ауданының тұрғыны таулы беткейлерге құрылыс жүргізуге тыйым салынса да, жағдай әлі шиеленісіп тұрғанын жеткізді.
«2 жыл бұрын сіз қызметке кіріскен кезде 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салу туралы заң қабылданса да, қазір тау бөктеріндегі жағдай шиеленісіп тұр. Сонымен қатар, сіздің араласуыңызбен обсерватория маңындағы жерлер демалыс аймағына ауыстырылды, бұл қауіпсіздік үшін өте маңызды. Қазір ережелердің сақталуын ешкім бақыламайды, құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс салушы жерді ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) сатып алып, көппәтерлі тұрғын үй салып, айласын асырады. Барлық тау бөктеріне аудит жүргізіп, қауіпті жерлерді анықтауды өтінемін»,- деді алматылық.
Алматы әкімі Ерболат Досаев құрылыста мұндай айла-шарғы жасап жүргендердің жолы кеселетінін айтты.
«Президенттің өңірдің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына Парламент қолдау көрсетеді, біз құрылыстағы мұндай айла-шарғының жолын кесеміз. Қаланың жоғарғы бөлігімен және тау бөктерімен байланысты қала құрылысын бақылауды басқару мәселесі шешілуде. Бұл тек қазіргі құрылыстарға ғана қатысты емес. Бас жоспар мен ЕТЖ түзету аясында осы жерлердің барлығын демалыс аймағына ауыстырдық, яғни онда құрылысқа тыйым салынады. Әрине, қазірдің өзінде көптеген меншік иесі шағым түсіретінін біліп отырмын, бәрін заң аясында жасаймыз. Ерекше бақылауға аламыз»,-деп жауап берді әкім.
Сонымен қатар, ол тікелей аудит жүргізе алмайтындарын жеткізді.
«Тікелей аудит жасай алмаймыз. Қазір біз тау баурайының қосымша геологиясын жүргізіп жатырмыз, Алматының айналасы бірінші және екінші типтегі сазды жер екенін білесіздер. Мұндай жерлерге құрылыс салуға болмайды, отырып кетеді. Бұған бірыңғай кәріз желісінің болмауы, тауды отырғызатын септиктер сынды экономикалық шаруашылықты қосыңыз. Құрылыстар тоқтады, мұнымен қала құрылысын бақылау басқармасы айналысады. Қазір біз сейсмо аудитті қайта қарастырамыз, Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Бас жоспарға сай қауіпті аймақтар картасы бойынша тиісті ұсыныстар енгіземіз»,- деп қосты Ерболат Досаев.
Фото: stan.kz
ПІКІР ЖАЗУ