Рыбакина жаңа маусымда бір чемпиондық атағын қорғай алмайды

Фото: Mark Kolbe/Getty Images

27 желтоқсан — 5 қаңтар аралығында Аустралияның Сидней және Перт қалаларында аралас командалық сында United Cup турнирі өтеді, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы Испания, Грекиямен бірге С тобына түсті.

Жарыста Қазақстан намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және команда капитаны Александр Недовесов қорғайды.

Елена Рыбакина 27 желтоқсан күні бастапқы матчта испаниялық Джессика Бузас Манейро, Александр Шевченко Пабло Каррено Бустамен ойнайды.

Айта кетейік, Елена осы маусымда Брисбенде WTA 500 додасында былтырғы чемпиондық атағы мен 500 рейтинг ұпайын қорғауға тиіс еді, бірақ ол командалық турнирге қатысады.

Қазақстан құрамасы United Cup турниріне екінші рет қатысып отыр. 2023 жылы қазақстандықтар алғаш рет бақ сынаған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…