Теннистен еліміздің ұлттық құрама командасының жаттықтырушылар штабы Билли Джин Кинг кубогы матчына қатысатын құраманы жариялады.
Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Токио қаласында өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сатысында Жапония командасымен ойнайды. Құрамаға Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева мен Аружан Сағындықова шақырылды.
Зарина Диас теннис додаларына көптен бері қатыспады. Жапониямен матч Ariake Coliseum аренасының хард төсенішіндегі кортында болады. Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчында теннисшілер 4 жекелей және 1 жұптық ойын ойнайды. Мачтар 3 сеттік форматта болады.
Токиода Қазақстанның көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина ойнамайды. Биыл жазда Парижде Олимпиялық ойындар болады. Құраманың жаттықтырушылар штабы Елена Рыбакинаның 4 жылдағы ең басты жарысқа дайындалып, нағыз бабында баруы үшін Жапониямен матчқа шақырмады, – деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Юрий Щукин.
Оның айтуынша, Рыбкина үшін Олимпиада – Билли Джин Кинг кубогына қарағанда маңызды.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
ПІКІР ЖАЗУ