Руслан Берденовті не себепті атып кеткені белгілі болды — дереккөз

Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Руслан Берденовті не себепті атып кеткені хабарланды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ербол Еділов таратқан мәлімет бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны, 1994 жылы туған «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін азамат, әкімдік ғимаратының жанында қызметтесі — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов Руслан Арысбекұлына оқ атқан.

Куәгерлердің айтуынша Сайга-12 маркалы аңшы мылтығынан үш рет оқ атылған. Оқ Берденовтың төменгі аяқ-қол тұсына тиген.

Күдіктінің айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайы – 1995 жылы туған Алданова Лаура Серікқызын мазалап, орынсыз әрекеттер жасаған. Әйелі қазіргі уақытта жұмыссыз.

Руслан Арысбекұлы Берденов оқ тиген жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің алдын ала диагнозы – оң жамбас және иық тұсынан алған оқ жарақаты. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Тергеу амалдары басталды.