Роналду әлемдік рекорд орнатты

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби карьерасындағы гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, — деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы “Р-Спорт” сайтына сілтеме жасап.

«Р-Спорт» сайтының мәліметінше, Роналду АПЛ-дың 29-турындағы лондондық «Тоттенхэм» клубына қарсы ойында (3:2) хет-трик жасаған. Осылайша, оның карьерасында 807 гол соғылған (692 — клубтар үшін, 115 — ұлттық команда үшін).

Роналду Португалдық австриялық және чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицаннан асып түскен. Ол мансабында 805 гол соққан. Бицанның жетістігін көптеген статистикалық ресурс, соның ішінде халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен спорттық статистика қоры (RSSSF) растайды.

Сонымен қатар, Чех футбол қауымдастығы Бицан ресми матчтарда 821 гол соққанын айтады.

37 жастағы спортшы «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус»командаларының намысын қорғады. Ол — Чемпиондар Лигасының бес дүркін жеңімпазы. Тамызда Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралған еді.

“ozgeris.info” порталы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)