«Ринат Зайытовтың 7 күн уақыты бар»: Депутат халық сыйлаған көлікті мемлекетке қайтаруы тиіс

Фото: altyn-orda.kz

Халық қалаулысына жерлестері темір тұлпар сыйлаған болатын, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Ақсуат жұрты сыйлаған көлікті  сатып, оның ақшасын 7 күннің ішінде бюджетке құюы тиіс, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Журналист Гүлбану Әниятқызы желідегі парақшасына этика бойынша депутатқа сыйлық алуға болмайтынын жазған.

“Ақсуат жұрты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік сыйлапты. Ақын емес пе, эмоцияға беріліп қалтасындағы барын халыққа шашып жатыр. Тіпті, пиджагына дейін шешіп берді. Ал журналистер этика бойынша депутатқа сыйлық алуға болмайды деп жатыр. Ринат жеті күн ішінде көлікті сатып, ақшасын бюджетке құюы керек екен”, – деп жазды журналист.

Заң бойынша Зайытовтың осы көлікті  Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөліміне тапсыру үшін жеті күн уақыты бар.