Ресей химиялық қару қолдануы мүмкін — НАТО

Ресей Украина аумағында химиялық қару қолданатын операция жоспарлауы мүмкін. Бұл туралы немістің Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

Оның айтуынша, Кремль өз шабуылын ақтау үшін Украинадағы «биологиялық қару шығаратын зертханаларға» көптің назарын аудартып отыр.

«Енді осындай жалған мәлімдемелер жасалғаннан кейін біз өте сақ болуға тиіспіз, себебі осы жалған тұжырымды пайдалана отырып, Ресейдің өзі химиялық қару қолданатын операциясын жоспарлап жатқан болуы мүмкін» деді НАТО бас хатшысы.

Егер Ресей химиялық шабуыл жасаса, онда бұл әскери қылмыс болады деді ол.

Осыған дейін Ресей сыртқы істер министрлігі Украина Ресей шекарасына жақын жерде арнайы биозертханаларда биологиялық қарудың компоненттерін дайындады деп мәлімдеген болатын.

ozgeris.info” порталы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит