Ресейлік бапкер қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні мазақ қылды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келеке етті, деп хабарлайды 1bol.kz.

Ұлттар лигасы аясында Словениямен өткен мачтан кейінгі баспасөз конференциясында отандық тілшілердің бірі Станислав Саламұлына қазақ тілінде сұрақ қойып бастайды. Бас бапкер журналистің үстіне Францияның ПСЖ клубының жейдесін киіп алғанын әзілге айналдырғысы келді ме, әйтеуір «Сен қай тілде сөйлеп тұрсың – французша ма?» деп сөзін бөлді. Сонан соң басын изеп, сұрағын жалғастыруға болатынын аңғартты.

Естеріңізде болса, құрамаға тағайындалғанда өткізген алғашқы баспасөз конференциясында да Черчесовтің қазақ тіліне қатысты басы дауға қалған. Оған тілшінің бірнеше рет ана тілімізде сұрақ қойғаны ұнамай, бәріне түсінікті болуы үшін одан орыс тілінде сөйлеуін талап етті. Бірақ бұл жайт көпшілік арасында қызу талқыланып, кейіннен ресейлік маманның өзі де қазақ тілін үйрене бастағанын алға тартты.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей