Рамазан айындағы пітір садақа мөлшері 655 теңге болып бекітілді

рамазан айы
pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) биылғы Рамазан айында пітір садақа мөлшерін 655 теңге деп белгіледі. Бұл сома дәстүрлі түрде екі келі ұнның орташа бағасына сәйкес есептелді.

Биылғы Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталады.

Қадір түні 26-нан 27-наурызға қараған түні өтеді. Ораза айт мейрамы 30 наурызда аталып өтеді.