Рамазан — 2025. Алғаш рет ораза ұстайтындарға кеңес

depositphotos.com

Ораза — мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Оразаны алғаш рет ұстауға ниеттенген жан үшін оңай болмасы анық. Егер бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.

  • Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақытылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.
  • Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде күрделі көмірсулар (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуыз (жұмыртқа, ет, сүзбе) және су ішкен жөн. Ал ауыз ашарда  асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
  • Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы — ниет пен талпыныс
  • Ораза тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл — рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
  • Егер айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, олармен бірге ұстау сізге жеңіл болады.
  • Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау – ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңістіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.

Ораза 2025 қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе биыл Рамазан айы басталатын күнді бекітті. Ортақ пәтуаға сәйкес қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады.

Рамазан 2025: Қадір түні қашан?

ҚМДБ мәліметінше, 27 наурызға қараған түн — қасиетті Қадір түні. 30 наурыз — Ораза айт мерекесі.

Пітір садақа мөлшері қанша?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!