Аурухананың жетекші нейрохирургтары әр сенбі 11.00-ден 13.00-ге дейін халыққа тегін консултация беретін болады. Акция емделген жағдайлардың санын арттыруға және аурухананың нейрохирургиялық бағытын кеңірек танытуға бағытталған.
– Сенбі – сонымен бірге жұмыс істейтін халық үшін өте ыңғайлы уақыт. Біз кезекшілік кестесін құрдық. Осы кесте бойынша әр апта 2 сағаттан тегін консультация беріп, 5-6 пациентті қабылдауды жоспарлап отырмыз. Консультация алу үшін МРТ, КТ, УДДГ, ЭНМГ зерттеулері мен үзінді көшірмелерімен келу қажет, – дейді ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының нейрохирург дәрігері Азат Шпеков.
Аталмыш акция орталық және перифериялық жүйке жүйесінің әртүрлі ауруларына (ми қантамырларының аурулары, остеохондроз, диск жарығы мен протрузиясы, ми ісігі, гидроцефалия, Мойямойя ауруы, гидроцефалия, Киари мальформациясы, фармакорезистенттік эпилепсия, үштармақты нерв невралгиясы, гемифациалдық спазм, құлақтағы шу, Паркинсон ауруы, бас ауруы) шалдыққан адамдарға көмек көрсету мақсатында өткізіледі.
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 80, F блогы. Барлық сұрақтар бойынша +7 705 828 74 96, +7 702 355 85 55 нөмірлеріне хабарласыңыз.
ПІКІР ЖАЗУ